Батыс Қазақстан облысы аумағындағы халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарды жаңартуға көп күш салынуда. Халықаралық маңыздағы Орал-Саратов тасжолын жаңғыртудың жобалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Ол бойынша облыс орталығынан Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 100 шақырым жол құрылысын жөндеу жоспарланып отыр. Алдын ала есептеулер бойынша, жобаның құны 27 миллиард теңге. Сонымен қатар, қазіргі таңда Чапаев-Қазталов, Қазталов-Жәнібек, Орал-Самара бағытындағы тас жолдар жөнделуде.
Әділ Нығметов, «ҚазАвтожол» АҚ филиал директорының орынбасары:
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында Батыс Қазақстан облысы бойынша қайта жаңғырту, күрделі жөндеу, орташа жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Ресей Федерациясы Самара-Шымкент бағытында 298-330-ші шақырымдарда қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.
Рауан ДИӘЛИ