Өрт сөндірушілердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт сөндірушілердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

26.07.2014
Өрт сөндірушілердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Өрт сөндіру мамандары 8 мың адамның өмірін ажалдан арашалады. Бұл 1999 жылдан бері атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Бұл туралы бүгін Өрт сөндірушілердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.

Қазіргі уақытта «Өрт сөндіру» АҚ еліміз бойынша 500-ден астам өндірістік орындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биыл алдын-алу жұмыстарының жүйелі жүргізілуінен аталған аймақтарда тілсіз жау тіркелмеген.

Алдағы уақытта «Өрт сөндіру» АҚ-ның 526 бөлімшесі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе өрттің алдын-алуға күш салады.

Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы уақытта «Өрт сөндіру» АҚ-мен бірлесе табанды жұмыстар атқарады. Өрт сөндірушілерді министрлік жылда қажырлы еңбектеріне қарап марапаттайды.

Осы уақытқа дейін 332 қызметкер өз ісінің шебері болып, еңбектері бағаланды. Олар қоғам үшін маңызды іс атқарды. Қызметкерлер әлі де біліктілігін жетілдіріп, заманауи техникаларды меңгеруі тиіс. Сонда апаттың алдын-алып, тілсіз жауды лезде ауыздықтай аламыз.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу