Шымкентте тұрғындарды алдап келген алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұрғындарды алдап келген алаяқ ұсталды

29.07.2014
Шымкентте  тұрғындарды алдап келген алаяқ ұсталды

Шымкентте  арзан көлік әкеліп беремін, деп адамдарды алдап келген алаяқ ұсталды. Ол шетелден арзан бағаға көлік әкелемін, деп жергілікті тұрғындардың   бірінен 32 мың, екіншісінен 25 мың АҚШ долларын алған.

Алайда, күдікті белгіленген уақытта темір тұлпарды жаңа қожайындарына жеткізіп бермепті. Белгісіз азаматқа қомақты ақшаны ұстата салған тұрғындар сол кезде өздерінің  алданғанын түсінген.

Дегенмен, оңай жерден олжалы боламын деген  алаяқтың ойы іске аспай қалды. Оны тәртіп сақшылары  көп ұзамай-ақ  қолға түсірді. Қазір 38 жастағы азаматқа  қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның басқа да қылмыстарға қатысы барлығы анықталып жатыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Негізінде ол басқа жергілікті тұрғындарының сеніміне кіріп, Балтық жағалауы  елдерінен автокөлік алып келемін, деп 100 мың доллардан алған. Бүгінгі таңға дейін бермей жүрген.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу