Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік көмекке зәру жандардың тізімі алынып, электронды базасы жасалды.
Осы арқылы дін өкілдері мүгедектер мен мұқтаж адамдарға, сондай-ақ, жетім балаларға қолұшын созбақ. Рамазан айында қолға алынған бұл шара өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді.
Тізімге іліккен 3577 азамат пітір садақа мен қайырымды жандардан түскен 107 миллион теңгеден көмек алған.
Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары:
Кейбір отбасыларға тоңазытқыш, кейбіріне желдеткіш, теледидар керек болды. Сондай-ақ, 10 түрлі азық-түлік таратылды.
Айнұр АҚБАЕВА