Солтүстік Қазақстанда биыл 100 шақырым жол жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда биыл 100 шақырым жол жөнделеді

05.08.2014
Солтүстік Қазақстанда биыл 100 шақырым жол жөнделеді

Бұл - Астана мен Петропавлды жалғайтын күре жол. Биыл 106 шақырымы қайтадан салынып жатыр.

Құрылыс жұмыстары жаңа технология бойынша  жүргізілуде. Жолдың деңгейін жарты метрден 2 метрге көтергеннен кейін үстіне ылғалдан қорғайтын арнайы мата, биотекстиль төселеді. 

Қазір құрылысқа 3 компания тартылған. Биыл 30 шақырымы толық аяқталады, деп жоспарланған. Қалған 50 шақырымында тек астыңғы қабаттары ғана жабылады.   

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы 9000 шақырымға жуық. Жергілікті жолдың  тек 17 пайызы, яғни 1280 шақырымы ғана жақсы деңгейде, ал 51 пайызы сын көтермейтін жағдайда.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу