Павлодарда пара алған оқу орталығының басшылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда пара алған оқу орталығының басшылары ұсталды

05.08.2014
Павлодарда пара алған оқу орталығының басшылары ұсталды

Ішкі істер министрлігіне қарасты Павлодардағы оқу орталығының басшылары жас курсанттарды пара беруге мәжбүрлеген.

Подполковник алған ақшасын үстел тартпасына салып қойған. Кадр бөлімінің басшысымен бірігіп, ішкі тәртіпті бұзған курс тыңдаушысынан 100 мың теңге алған.

Ол курсанттың «жеке іс» құжатына тәртіп бұзғаны туралы деректі жазбауға уәде береді. Ал, курсант Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шағым жазды.  

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу