СҚО Қаржы полициясы департаменті басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған Жандос Ахметовтің өлімі үшін Ресейдің екі азаматы айыпталып жатыр.
Олардың бірі - бұрынғы әскери қызметкер. Үшінші күдікті - қаруды дайындап бергені үшін айыпталып отырған Қазақстан азаматы.
Облыс прокурорының орынбасары Бірлік Тәшімовтің айтуынша, қызметкердің өліміне оның лауазымдық міндеттері себеп болған.
Естеріңізге сала кетейік, Жандос Ахметовті белгісіз біреулер 2013 жылдың 24 желтоқсанында өз үйінің подъезінде атып кеткен.