Алматыда астыртын ойынхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда астыртын ойынхана анықталды

06.08.2014
Алматыда астыртын ойынхана анықталды

Қаржы полициясы жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде Алматы қаласы, Абай даңғылында орналасқан Гауһартас тұрғын үй кешенінде астыртын ойынхана анықталды.

Оқиға орнынан покер ойынының үстелі, құмаройын карталары, фишкалар және 73 мың теңге тәркіленді.

Бұл факті бойынша ұйымдастырушы Қарашалов Асқарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 269 бабы, яғни заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қысқартылған түрде сотқа жолданған болатын.

2014 жылға дейін 250-ге жуық заңсыз ойын бизнесі қылмыстары анықталған.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу