Әмбебап полицейлер Ақмола облысы Ішкі істер департаментіне қарасты оқу орталығында үш айлық курстан өтті.
Жол және патрульдік қызметкерлерін біріктіру жобасы бойынша тыңдаушылардың оқуды аяқтауына байланысты салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Ішкі істер органдары қызметкерлері қатарына қосылатын 92 түлектің 20-сы өздерін жақсы жағынан көрсетіп, үздік атанса, енді 10 түлектің ата-анасына алғыс хат жіберілді.
Ләззат БЕКТАС