Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғыны атасынан мирас болып қалған көне қаруды полицияға өз еркімен тапсырды.
1925 жылы Ижевск зауытында жасалған мылтық Француз революциясы кезінде қолданыста болған қару «Мушкетке» ұқсайды.
Ал, петропавлдыққа 39 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.
Жалпы «Қаруды өз еркімен тапсыру» акциясы басталғалы бері Солтүстік Қазақстанда 442 адам өз еркімен қаруларын тапсырған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ