Алматы облысында Қытайдың 15 азаматы құлдықтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Қытайдың 15 азаматы құлдықтан босатылды

12.08.2014
Алматы облысында  Қытайдың 15 азаматы құлдықтан босатылды

Алматы облысында полиция Қытайдың 15 азаматын құлдықтан босатты.

Кірпіш шығаратын кәсіпорындағы 20-25 жас шамасындағы жігіттер Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданынан келген қазақтар болып шықты.

Заңсыз жұмысқа тартылған азаматтардың бірі Қарасай ауданындағы кірпіш зауытынан қашып шығып, тәртіп сақшыларына шағымданады.

Тексеруден кейін қалған 14 жұмысшы да шағымға қосылады. Сондай-ақ, олардың біреуінің соққыға жығылғаны белгілі болды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу