Қаржы полициясы бастығының орынбасарын қылмыскерлер шатасып өлтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы полициясы бастығының орынбасарын қылмыскерлер шатасып өлтірген

13.08.2014
Қаржы полициясы бастығының орынбасарын қылмыскерлер шатасып өлтірген

Солтүстік Қазақстан облыстық Қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовты қылмыскерлер шатасып өлтірген.

Тергеу нұсқасы бойынша Жамалиев, Ковалев, Хукиев деген азаматтарға облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығын өлтіру туралы тапсырыс түседі.

Қылмыскерлер Жандос Ахметовты департамент бастығы деп ойлап 2013 жылдың 24 желтоқсанында өз үйінің кіреберісінде атып өлтірген.

Қазір сот қылмыстық істі өндіріске қабылдау туралы мәселені шешуде, кейіннен істі тыңдау күні белгілі болмақ.

 

Хабарламаларға жазылу