Өскеменде «Жасыл экономика» және EXPO-2017 көрмесінде әйелдердің үлесі» деген атаумен шекаралас аумақтардың форумы басталды.
Шараның мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал ету және шекарааралық ынтымақтастықты дамытуда әйелдердің үлесін арттыру.
2 күнге созылатын форумға Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ресейдің Алтай өлкесінен арнайы шақырылған қонақтар қатысуда.
Бұл шараға ауылдық округтерді басқаратын әйел әкімдер де жиналды.
Берік КӨШЕРБАЕВ