![Меркі ауданында 5 күн бойы жанған өрт бүгін сөндірілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69416.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысы, Меркі ауданында 5 күн бойы жанған өрт бүгін сөндірілді.
Қызыл жалын салдарынан Абай ауылдық округі әкімдігінің 32 жастағы бас маманы қайтыс болған.
Жексенбіде тұтанған өрт тау баурайындағы кейбір шаруа қожалығының қора-қопсысын күлге айналдырған. От 2 мың гектарды жайпап кетті.
Енді жергілікті шаруалар жайылым мен малдың жайына алаңдаулы.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Меркі ауданында 5 күн бойы жанған өрт бүгін сөндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/34568/)