Солтүстік Қазақстан облысында сарбаз менингит дертінен қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында сарбаз менингит дертінен қайтыс болды

18.08.2014
Солтүстік Қазақстан облысында сарбаз менингит дертінен қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы № 6637 бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген Бастыс Қазақстандық жауынгер  қайтыс болды. Тамыздың екісі күні күні қызуы көтерілгеніне шағымданған жауынгерге өкпесі қабынған деген диагноз қойып медициналық бөлімшеде  емдеген.

Сарбаз комаға түскенде ғана аудандық ауруханаға жеткізген. Емдеу  мекемесінде іріңді  менингитке шалдыққаны анықталған. Борышын өтеп жүргеніне алты ай болған жауынгерді өлімнен арашалап алу мүмкін болмады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу