Бүгін – Дүниежүзілік ізгілік көмек жасау күні. Осыған орай Алматыда елдегі Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Ізгілік мәселелерді үйлестіруші БҰҰ Басқармасы бірігіп «Ізгілік қалашығы» атты шара ұйымдастырды.
Қызыл Жарты Ай қоғамы симуляциялық жер сілкінісін жасап, қатысушыларға зілзаладан сақтану әдістерін көрсетті.
Төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек беру әдістерін түсіндіріп, «Әлемге ізгі батырлар көбірек қажет» ұранымен жұртшылықты тегін қан тапсыруға шақырды.
Жазира ИСАЕВА