Қажымұқанның мүсіні керексіз болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұқанның мүсіні керексіз болып тұр

21.08.2014
Қажымұқанның мүсіні керексіз болып тұр

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне жасалып, дайындалған алып ескерткіш Шымкенттегі  жер үйлердің бірінде шаң басып тұр. Оны жасатқан «Қажымұқан» қоғамдық қорының белсенділері «игі бастамамызды Астанадағы басшылық қолдамай қойды, оны бас қаланың 15 жылдығына сыйға тартқымыз келген», деп налиды. Себеп түсініксіз, Астана әкімдігінің Сәулет басқармасы бұл мәселе бойынша әзірге жауап қатпады. 

Осыдан үш жыл бұрын Қажымұқан Мұңайтпасовтың  ескерткішін жасау жөніндегі бастаманы Қажымұқан атындағы қоғамдық қор көтерген. Іле-шала бұған қолдау көрсетуші демеушілер де табылыпты.

Сөйтіп, бас-аяғы  он бес миллион теңгеге тас мүсін  жасалды. Ол ағайынды суретші әрі мүсінші Ахметовтердің қолынан шыққан. Шеберлер «төл туындысының» ешбір ескерткіштен кем түспейтінін айтады. Алайда әзірге бұл ескерткіш керексіз болып тұр. Үш жылдан бері Шымкенттегі мүсіншінің үйінде, талдың  тасасында тұр.

Айнұр  АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу