Маңғыстау облысында жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық жасалды

23.08.2014
Маңғыстау облысында жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық жасалды

Маңғыстау облысының Құрық ауылында оқушыларға қайырымдылық жасалды. «Мектепке жол» акциясы аясында жетім және жағдайы төмен отбасының 100 шақты баласына сабаққа қажетті киім-кешек пен құралдар алынып берілді.

Оқушыларға көмек қолын созуға Құрық ауылының 8 кәсіпкері, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қор өкілдері ниет білдірді. Ауылдың 90 баласына спорттық киімдер, мектеп формасы мен аяқ киімдер және сабаққа қажетті барлық құрал-жабдық берілді.

Мұндай шара шағын ауылда қыркүйектің аяғына дейін жалғасады.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу