Елбасының Ұлытау жерінде айтқан келелі ой-пікірлері бүгін еліміздің жер-жерінде қызу талқылануда. Саяси маңызы бар сұхбатты Шымкенттің жоғары оқу орындарының ұстаздар қауымы да тыңдады.
Әсіресе, Мемлекет басшысының көпұлтты еліміздегі қазақ тілінің рөлі, маңызы туралы айтқан пікірін білім саласы қызметкерлері толық қолдап отыр.
Сондықтан, педагогикалық институт ұстаздары жастарға жан-жақты білім беріп, бірнеше тіл үйретуді маңызды деп санайды.
Айнұр АҚБАЕВА