Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште болған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалатын болды. Бұл туралы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатқан облыстық прокуратура қызметкерлері мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Риддер қаласындағы кеніште жұмыс істейтін 30 адам шахтаға түсіп бара жатқанда, арнайы жеделсатының үстіне қабырғадан опырылған бетон құлаған.
25 жастағы жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Берік КӨШЕРБАЕВ