Маңғыстау облысында заңсыз жолмен газ тасымалдаған Ресей азаматтары ұсталды.
Сұйық отын тиеген үш жүк көлігі Ақтау-Жаңаөзен және Ақтау-Әуежай тас жолдарында тоқтатылды. Көліктердің әрқайсысында 50 текше метрге жуық газ болған.
Оларға 29 жастағы Қазақстан азаматшасының делдал болғаны анықталып отыр.
«Фредлайнер» және «МАЗ» маркалы көліктер тұраққа жабылды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жазира ӘБІЛ