Жыл басынан бері Қызылорда облысында 633 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Оның 99-ы Арал ауданының тұрғыны.
Мүгедектігіне қарамастан еңбекке араласқандардың бірі - Гүлнұр Шалманова. Тумысынан тағдыр тауқыметін тартқан ол жуырда аудандық кітапханаға қызметке тұрды.
Жастайынан өлең жазып, тағдыр сынына төтеп беріп келеді. Жігері мол жастың жалынды жырлары мен мазмұнды мақалалары аудандық басылымдарда жиі жарияланып жүр.
Екінші топтағы мүгедек болса да жұмыс істеп, жарқын өмірге құлаш ұрған қыздың қайсарлығы мен іскерлігін ұжымдастары жоғары бағалайды
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ