«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» Халықаралық қозғалысының ХХІ Бүкіләлемдік Конгресі Астанада өтіп жатыр. Шартараптан келген дәрігерлер елорданың Тәуелсіздік сарайына жиналды.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Алғашқы бомба осыдан 64 жыл бұрын жарылған. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін зардап тигізіп отырғаны әлемге белгілі.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ