Минск кездесуі Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы беделін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Минск кездесуі Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы беделін көрсетті

29.08.2014
Минск кездесуі Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы беделін көрсетті

«Саясатшылардың кейбірі Украина дағдарысы бүгін-ертең аяқталмайды. Бұл дағдарыс жаһандық геосаясатты түбегейлі өзгертеді», деп мәлімдеме жасады.  

Бірақ, тамыздың 26-сы күнгі Минскідегі кездесу бұл болжамдарды жоққа шығарды. Бір-біріне ренжулі Ресей мен Украин басшылары Беларусь төрінде жолықты.

Александр Лукашенко төр ұсынды, ал араздасқан екеуді жүзбе-жүз жолықтырып, «өзара сөйлесіп алуына» мүмкіндік жасау біздің Президенттің миссиясы еді. Былайша айтсақ, Елбасыға – араша түсуші, табыстырушы тұлғаның рөлі бұйырды.

Осы жүздесуден іле-шала, әлем баспасөз құралдары «Минск кездесуі жаһан жұртшылығына Назарбаевтың беделін айшықтай түсті» деп жарыса жазып жатыр.

Нұрбек БЕКБАУ

 

Хабарламаларға жазылу