Астанада жол жүру ақысы қымбаттады. Бүгінде қаладағы маршруттық қоғамдық көліктерде ересектер үшін жолақы құны 60 теңгеден 90 теңгеге жетсе, балалар үшін - 40 теңге.
Қазіргі таңда бас шаһарда 50 бағыт бойынша қызмет көрсететін 8 компания бар.
Автопарктердегі 890 автобустың 734-і күнделікті желіге тұрақты түрде шығады. 6 жылда елордаға 406 автобус сатып алынған.
Индира БЕГАЙДАР