Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласында 120 орындық балабақша пайдалануға берілді.
«Айым» балабақшасы қаладағы тұңғыш жеке меншік мектепке дейінгі білім мекемесі.
Жекеменшік болса да, онда келетін бүлдіршіндерге жұмсалатын шығын «Балапан» бағдарламасының аясында үкіметтен бөлінеді.
Күрделі жөндеуден өткен ғимаратты жалға алып отырған кәсіпкер 10 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алған.
Ержан ЖАҚЫП