Қазасқтанда жастар санатына жататын 4 миллион 400 мың азамат бар. Ал, осы жастардың басын біріктіретін мыңнан аса жастар ұйымы тіркелген. Бұл туралы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Боқанова хабарлады.
Журналистердің сұрағына жауап берген орталық жетекшісі жастар санатына кіретіндердің жасын 14 пен 29 жастан ұлғайту туралы бастамамен келіспейтінін жеткізді. Айта кету керек, елімізде жастар санатына заң бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтар жатады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ