Еңбек етуге ниетті адамға кемтарлық кедергі емес. Қостанай облысындағы Обаған аулының тұрғыны Артур Римердің пікірі осындай. Тосыннан бақытсыз жағдайға ұшырап бір қолынан айрылған жас жігіт, тағдырдың талқысына мойыған жоқ. Бағдарламашы мамандығы бойынша арнаулы орта білім алып шыққан ол тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
Алтынсарин аудандық кітапханасында 8 адам еңбек етеді. Кітап қоры 20 мыңға жуықтайды. Оқырмандар іздегендерін сайт арқылы қарап тауып, ғаламтор арқылы тапсырыс та бере алады. Мұның бәрі жуырда жұмысқа орналасқан жас маманның арқасында жүзеге асқан шаруа.
Дәуренбек ӘБДІБЕК