Жаңалықтар қызметіне өзін көптен мазалап жүрген сауалға жауап іздеген көрермен хабарласты.
Қалибек Алтыбаев, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының тұрғыны:
Зайсан ауданындағы емханалардың бәрі ескі. Қазіргі заман талабына сай емес. Бірнеше жылдан бері жаңадан емхана салу мәселесі көтеріліп келе жатыр. Бірақ, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатыр. Осыған сіздерден көмек бола ма, деп қоңырау шалып тұрмын.
Жаңғазы Әліпбаев, ШҚО, Денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасары:
Бұл мәселе қазір облыстық Денсаулық сақтау басқармасында қарастырылуда. Министрлікке аурухананы салуға ұсыныс берілген. Алдын-ала есептеу бойынша жобалық-сметалық құжатта 26 миллион 700 мың теңге қажет деп, көрсетілген. Бұл қаржы облыстық бюджеттік комиссияға ұсынылды.