Шымкенттегі көпбалалы отбасының балалары мектепке бара алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі көпбалалы отбасының балалары мектепке бара алмай отыр

03.09.2014
Шымкенттегі   көпбалалы отбасының балалары  мектепке бара алмай отыр

Жаңа оқу жылы басталғанына үш күн өтсе де, Шымкенттегі  көпбалалы отбасының балалары  мектепке бара алмай отыр.

Басында баспанасы жоқ жанұяның алты қызын  жергілікті мектеп директоры қабылдамай қойған.

Мектептің кіргізбегені аздай, тоғыз балалы отбасы оқу құралдарын да, киім-кешек те алмаған.

Дәрібаевтар отбасының  тұңғышы Рая биыл 9-сыныпқа баруы тиіс. Алайда, 14 жастағы жасөспірім де, оның мектеп жасындағы бес бірдей сіңлісі де әлі күнге білім мекемесінің табалдырығын аттамады.

 

Айнұр АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу