Бүгін, таңғы сағат 8-дер шамасында Алматыдағы халық арасында «Барахолка» аталып кеткен базардан өрт шықты. Жалын «Алатау» базарының 200 шаршы метрін шарпыған.
Оқиға салдарынан тұтыну тауарлары мен перделер сақталған қойма мен контейнер жартылай өртенді. Мамандар өрт себебін анықтауда.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ