Талдықорғанда жаңа өндірістік аймақ бой көтермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жаңа өндірістік аймақ бой көтермек

05.09.2014
Талдықорғанда жаңа өндірістік аймақ бой көтермек

Жуырда Талдықорған қаласында жаңа өндірістік аймақ бой көтереді.

120 гектар жерде бірнеше шағын зауыт, тігін цехы және басқа да өнеркәсіп нысандары орналасады.

Қазірдің өзінде 50-ден астам кәсіпкерлік субъектісі өндіріс аймағында жұмыс істеуге  өтініш білдіріп отыр.

Кәсіпкерлердің қолайлы жұмыс істеуі үшін ол жерге темір жол, автомобиль жолы, электр жарығы мен су тартып беру қажет.

Қаланы аралаған өңірдің жаңа басшысы Амандық Баталов өндіріс аймағы қала экономикасына серпін беретін жоба екенін атап өтті.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу