Шымкентте жанармай тапшы болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жанармай тапшы болып тұр

05.09.2014
Шымкентте жанармай тапшы болып тұр

Шымкентте АИ 92 маркалы бензиннің сатылуына бүгінде жанар-жағармай бекеттерінің басым көпшілігінде шектеу қойылған.

Кейбір бекеттерде 95 маркалы жанармай жоқ немесе небәрі 1 мың теңгеге ғана құйып береді.

Өңірдегі жанар-жағармай қауымдастық өкілдері бұл жәйтті елімізге сырттан тасымалданып жатқан бензин қорының аздығымен байланыстырады.

Нарықтағы тосын ахуалды оңтайлы пайдаланғысы келетін кейбір пысықайлар тапшылықты тіпті үдетіп отыр. 

Айнұр АҚБАЕВА 

 

Хабарламаларға жазылу