«Қазақ үйі» этноауылы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ үйі» этноауылы ашылды

08.09.2014
«Қазақ үйі» этноауылы ашылды

 «Атамекен» этномемориалдық кешені тағы бір нысанмен толықты. Бүгіннен бастап, мұнда келген қонақтар «Қазақ үйі» деп аталатын этноауылды тамашалай алады.

Кешен аумағында тігілген киіз үйге қазақ халқының байырғы тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін құнды жәдігерлер қойылған.

Тіпті, алдағы уақытта бұл жерде ұлттық тағамдардан да дәм татуға болады.

Дәл бүгін кешеннің ашылғанына 13 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында мұндағы макеттер саны 500-ге жетті. Аумағы 2 гектарға ұлғайды. 

Алма Алтыбаева, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің директоры:

Елбасымыз айтқандай, еліміз қайтіп күн кешсе, атамекен де солай күн кешеді. Алдағы уақытта EXPO көрмесіне  байланысты павильон ашайын деп отырмыз. Жалпы, қаламыздағы ең  әдемі мұражай, деп есептеймін.  

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу