Қарағандыда туристік фирманың сатқан билеттері жарамсыз болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда туристік фирманың сатқан билеттері жарамсыз болып шықты

09.09.2014
Қарағандыда туристік фирманың сатқан билеттері жарамсыз болып шықты

Қарағандыдағы «Азалия» туристік агенттігінің Түркияға бармақшы болған 16 азаматқа сатқан ұшақ билеттері жарамсыз болып шықты.

Дәл аттанар кезде жолаушылар өздеріне ешқандай да орын белгіленбегенін білген.

Мән-жайды анықтау үшін туристік агенттікке келгенімен, оның басшысы Азалия Каюпова бұл билет құнының күрт қымбаттауынан болды, деп ақталған.

Енді 16 адам туристік компаниядан өз ақшаларын ала алмай отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу