Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жыл бұрын қаза тапқан шекарашылар ерлігі ескерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жыл бұрын қаза тапқан шекарашылар ерлігі ескерілді

09.09.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жыл бұрын қаза тапқан шекарашылар ерлігі ескерілді

Осыдан 5 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан шекарашыларды қызметтестері мен туған-туыстары еске алды.

Өгем тау шатқалында қайтыс болған әскерилердің ата-аналары ескерткіш орнатылған жерге алғаш рет келіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, тікұшақ құлаған қайғылы оқиға 2009 жылы 8-кыркүйекте болған еді. Сол кезде шекарашыларға қаруланған алты адамның арғы беттен біздің елге өтуге дайындалып жатқаны жайында ақпарат түскен.

«Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Арлан» барлау-іздеу тобы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасына МИ-8 тікұшағымен жедел ұшып шыққан. Алайда арада бірнеше уақыт өткенде әуе көлігі Өгем шатқалында апатқа ұшырап, борттағы 10 сарбаз бақилық болған еді.  Ал үшеуі тірі қалған. Олар қазір апат болған жерге жиі келіп тұрады.

Белгі тастың айналасын тазартып, қарулас достарымызды еске аламыз, дейді. Бұл жолы марқұмдардың ата-аналарын да арнайы ала келіпті.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу