Алматыда «Қан қызметінің даму болашағы мен маңызды мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция басталды.
Екі күнге созылатын шараға ТМД мемлекеттерінің медицина саласының мамандары қатысуда.
Бағдарлама бойынша, еліміздегі қан қызметінің қазіргі жағдайы, дамуы мен келешегіне байланысты мәселелер талқыланады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 1000 адамға 50-60 донордан болуы керек. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 17-18 аясында.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ