«Астана радиосының» қызметкерлері Отбасы күніне орай балғындарға үш тілде жазылған ертегілердің аудионұсқасын тарту етті.
Айта кетейік, радио ұжымы «Ертегі тыңдап, әлемді таны» атты қайырымдылық акциясын өзінің 15 жылдық мерейтойы қарсаңында бастаған болатын. Акция алдағы уақытта бүкіл ел аумағын қамтымақ.
Қазір елімізде мамандандырылған 22 балалар мекемесі бар. Онда көзі нашар көретін 3 пен 8 жас аралығындағы 1200-дей бала тәрбиеленеді. 1500 данамен шығарылған диск олардың бәріне үлестіріледі.
Шынар АСАНҚЫЗЫ