2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылын атап өту мақсатында Үкіметтің ұлттық жоспары әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
Қаңтар айында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы болады. Ал, Ассамблеяның құрылған күні 1-ші наурызда республика деңгейінде бірнеше ірі шара ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, келесі жылы Конституциямыздың 20 жылдығына орай, халықаралық конференция ұйымдастыру да жоспарда бар.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ