Ақтауда судьялардың біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда судьялардың біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

15.09.2014
Ақтауда судьялардың біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

Ақтауда судьялардың біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар басталды.

Қазір Маңғыстау облысында 83 судья бар. Оның 19-ы, яғни, 24 пайызы - жас маман. Бұл облыстағы әрбір 4-ші судьяның 3 жылдық қана еңбек өтілі бар деген сөз.

Әділ төрелікке қол жеткізу үшін олардың тәжірибе шыңдауы басты назарға алынған.

Сондықтан,  орталықтан шалғай жатқан өңірге еліміздің аса білікті судьяларын шақырып, дәріс оқыту үрдіске айналып отыр.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу