Қызылордалық Ақмарал Мүсілімқызы 2009 жылдан бастап патронат тәрбиеші болып, 11 ұл-қызды қолынан келгенше бағып-қақты.
Қазір оның шаңырағында 5 жеткіншек жанұя жылуын сезініп өсіп келеді. Ұл-қыздардың тәртібі түзу, оқу үлгерімдері жақсы. Өнерден де кенде емес.
Шаңырағы шаттыққа толы Ақмаралдың ендігі арманы - өсіріп отырған ұл-қыздарын елжанды азамат етіп, құтты орнына қондыру.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ