Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі асқан отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі асқан отбасы

16.09.2014
Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі асқан отбасы

Таңат Сүгірбаев жасы 70-тен асса да тұғырынан таймай өз қатарластарына еңбекқорлығымен үлгі болып келеді.

Таңат ақсақал мен Динарат әжей екеуі үш ұлды бағып-қағып өсірді. Қазіргі күні солардан 8 немере сүйіп, шөберелерін бағып-қағып еркелетіп отыр. 

Таңат ақсақал қартайдым деп кәрілікке бой алдырған жоқ. Бүгінде «Асыл мұра» қоғамына төрағалық етеді.

Өзі өскен өңірдің тағлымды тарихын зерттеп, ғасырлар тасасында қалып қойған даңқты жерлестеріміз жайлы мағлұматтар жинайды. Соларды тасқа бастырып өскелең ұрпаққа мұра етіп  қалдырсам дейді абыз ақсақал.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу