Атырауда «Шаңырақ шаттығы» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Шаңырақ шаттығы» фестивалі өтті

17.09.2014
Атырауда «Шаңырақ шаттығы»  фестивалі өтті

Атырау қаласында Отбасы күніне орай «Шаңырақ шаттығы» атты мүмкіндігі шектеулі жанұялар арасында фестиваль өтті. Байқаудың мақсаты мүгедектердің шығармашылық әлеуетін дамыту және оларды қоғамнан алшақтатпай, қайта өздерін танытуға мүмкіндік беру, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Байқауға 5 отбасы іріктеліп, олар 6 кезең бойынша бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша, ешбір жанұя  назардан тыс қалмай,  әр түрлі номинация бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылар болса, алдағы уақытта мұндай фестивальді  өткізуді дәстүрге айналдырмақшы.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу