Қытайдағы тайфуннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы тайфуннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

17.09.2014
Қытайдағы тайфуннан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Қытайдағы тайфунға қатысты Қазақстанның Елшілігі мен Бас консулдығы өз азаматтарына көмек көрсету үшін шұғыл байланыс желісін ашты. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер минситрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті. Қазіргі таңда Хайнань провинциясында жүзге жуық қазақстандық азамат тұрып жатыр.

Сондай-ақ, Нұржан Айтмаханов: «Қытай тарапынан тайфун салдарынан қаза тапқан немесе жарақат алған Қазақстан азаматтары туралы ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Бұл мәселені еліміздің Бейжіңдегі Елшілігі жіті бақылауында ұстап отыр», деді.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

Хабарламаларға жазылу