Шымкентте үшқабатты үйдің тұрғындары әр күнін үреймен өткізеді. Өйткені, олар тұрып жатқан ғимарат әбден апатты жағдайға жеткен. Өткен ғасырдың ортасында салынған баспананың қабырғалары қақырап, едендері сөгіліп жатыр.
Бір бөлмелі пәтердің иесі Оразкүл Зейнетова былтыр ғана күрделі жөндеу жасатқанын айтады. Жеті жан тұратын баспананың еденінен бастап, қабырғаларына дейін жаңартқан. Алайда биыл еңбегі еш кетті.
Айнұр АҚБАЕВА