Маңғыстау облысының Құланды ауылының балалары апаттық жағдайдағы мектепте білім алуда. Таяу маңда өзге білім ошағы болмағандықтан ата-аналар ұл-қыздарын құлағалы тұрған ғимаратқа жіберуге мәжбүр.
Мектеп ішінде құрт-құмырсқа өріп жүретін мектепте сабақ өткізу ұстаздар қауымына да оңай соғып отырған жоқ. Ал, атқарушы билік өкілдері болса бұл түйіткілді мәселе ауыл іргесінен салынып жатқан жаңа мектеп іске қосылғанда толық шешімін табады, дейді.
Жазира ӘБІЛ