Семейліктердің коммуналдық мекемеге берешегі 800 миллион теңгеге жуықтаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейліктердің коммуналдық мекемеге берешегі 800 миллион теңгеге жуықтаған

18.09.2014
Семейліктердің коммуналдық мекемеге берешегі 800 миллион теңгеге жуықтаған

Семейліктер қыстың көзі қырауда жылусыз қалуы мүмкін. Себеп - тұрғындар коммуналдық мекемеге қарыздарын өтеуде құлықсыздық танытуда.

Бұл туралы қысқа дайындық тақырыбындағы брифингте Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев хабарлады.

Оның сөзінше, семейліктердің электр қуаты үшін берешегі 800 миллион теңгеге жуықтаған.

Вице-министр тұрғындардан төлем тәртібін естен шығармауды сұрады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу