Ұстаздықты ұлағат тұтқан отбасы. Жамбыл облысының Түймекент ауылында тұратын Мамырбаевтар жанұясы осындай шаңырақ.
51 жылда Серік атаның тәлімін алып, мыңдаған шәкірт мектептен түлеп ұшты. Серік атаның жары Манат апа да өмірін саналы ұрпақ өсіруге арнаған жан. Қырық жылға жуық мектеп кітапханашысы болып, ұрпақтың рухани жан дүниесін байытты.
Жүздерінен жылылық есіп, көңілдерінен тектіліктің табы сезілетін қос қария 13 перзенттің қазыналы әкесі, абзал анасы.
Өзі де абыройдан кенде емес. «Ерен еңбектің» иегері, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Байзақ ауданының Құрметті азаматы». Мұндай атаққа ол ең әуелі өнегелі ісімен, ауылдастарына сыйлы, тәлімді ұрпағын жұрт үлгі тұтқанның арқасында жетіп отыр.
Мамырбаевтар әулеті - өрелі ұрпақ жалғастырып отырған мерейлі отбасының бірі.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ