«Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау - әрбір адамның қасиетті борышы», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.
«Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын қатігез ұрпақ пен баласынан жеритін көкек ана бізде ешқашан болмаған. Біз қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз», - деді Елбасы.