Діни экстремизм немесе терроризм бойынша айыпталып, абақтыға жабылған адамдарды өзге жазасын өтеушілерден оқшаулау керек.
«Қазақстандағы дінаралық татулық мәселесі революциялық емес, эволюциялық дамуда. Бұл - әлем сарапшыларының берген бағасы» - деп басталған Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында осы мәселе көп қозғалды.
Заң шығарушы, атқарушы органдардың, білім, ғылым саласының, діни бірлестіктердің өкілдері қатысқан бұл жиында азаматтардың дін ұстану еркіндігі конституциялық құқықтарын сақтау мен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жайы сөз болды.
Ғалым КӘЛМЕН